2025 жылдың 14 қазанында оған қатысты жаңа істер қозғалды.
Фото: BBC
ERNUR.KZ. Нью-Йорктегі сот америкалық рэпер Шон "Дидди" Комбсты жезөкшелікке тарту мақсатында адамдарды тасымалдағаны үшін 50 айға (4 жыл 2 ай) бас бостандығынан айырды, деп жазады Skifnews.kz
Бұған дейін алқабилер соты оны жезөкшелікке тарту үшін адамдарды тасымалдаудың екі эпизоды бойынша кінәлі деп таныған. Әр эпизод үшін ең ауыр жаза – 10 жылға дейін түрме жазасы көзделген. Дегенмен, рэкет және жыныстық қанау мақсатында жасалған зорлық-зомбылықтың екі фактісі бойынша Комбс ақталып шықты.
Айыптаушы тарап рэперді 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
Хип-хоп магнаты 2024 жылдың қыркүйегінде Манхэттендегі қонақүй фойесінде әйелдердің жыныстық зорлық-зомбылық айыптауынан кейін қамауға алынған.
2025 жылдың 14 қазанында оған қатысты жаңа істер қозғалды. Бұл жолы 2 әйел мен 4 ер адам 1995-2021 жылдар аралығындағы оқиғаларға байланысты сотқа шағымданды. Олар рэперді сексуалдық зорлық-зомбылық пен қудалауға қатысы бар деп айыптап отыр.
Пафф Дэдди деген атпен танымал Шон Комбс – 1990 жылдардағы Шығыс жағалау мен Батыс жағалау арасындағы хип-хоп текетіресінің басты тұлғаларының бірі. Ол 1997 жылы қастандықтан қаза тапқан Notorious B.I.G.-тің продюсері әрі серіктесі болған.
"Bad Boy Records" лейблін құрушы Комбс соңғы үш онжылдықта хип-хоптағы ең ықпалды продюсерлердің бірі саналады. Ол Мэри Джей Блайдж, Ашера, Лил Ким, Фейт Эванс және 112 сияқты танымал әртістермен жұмыс істеген.