Бұқаралық ақпарат құралдары ұшақтың "Талибанның"* бақылауындағы ауданда құлағанын хабарлады.
ERNUR.KZ. Ауғанстанда Ariana Afghan Airlines компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Жолаушылар ұшағы Ауғанстанның Газни аймағында құлаған, деп жазады sputniknews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтың ішінде 83 адам болған.
Газни губернаторының өкілі Ариф Нури әуе апаты Дех Як ауданында болғанын нақтылады. Оның айтуынша, төтенше жағдай орнына мамандар шықты, олар мән-жайды анықтайды.
Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары ұшақтың "Талибанның"* бақылауындағы ауданда құлағанын хабарлады.
Еске салсақ, қаңтар айының басында Иранда украиналық ұшақ құлады. Апат салдарынан 176 адам қаза тапты. Олардың ішінде Ауғанстан, Германия, Иран, Канада, Ұлыбритания және Швеция азаматтары бар, сонымен қатар 11 Украина азаматы – тоғызы экипаж мүшесі, екеуі жолаушы.
Кейін иран әскерилері Boeing ұшағын байқаусызда атып түсіргендерін мәлімдеді. Ұшақ маңызды әскери нысанға жақын ұшқандықтан құлатылған.
"Талибан" қозғалысы – Қазақстан, Ресей мен басқа да бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.