Ауғанстанда шенеуніктерге суретке түсуге және сұхбат беруге тыйым салынды

0
118

Ауғанстандағы «Талибан» уақытша үкіметінің БАҚ бостандығына қарсы әрекеттері артып келеді.


Ауғанстанда шенеуніктерге суретке түсуге және сұхбат беруге тыйым салынды

Фото: Petros Giannakouris/Риа Новости

ERNUR.KZ. Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясының билігі жергілікті шенеуніктерге БАҚ өкілдеріне суретке түсуге және бейне сұхбат беруге ресми түрде тыйым салды. Бұл туралы Ауғанстан журналистика орталығы (AFJC) хабарлады, деп жазады inform.kz.

Орталықтың мәліметінше, Ауғанстандағы «Талибан» уақытша үкіметінің БАҚ бостандығына қарсы әрекеттері артып келеді.

– Бұл тыйым өте алаңдатады, өйткені Нангархар мұндай шектеулерді енгізген бесінші провинция, – делінген хабарламада.

Қауіпсіздік мақсатында аты-жөнін жариялағысы келмеген Нангархардағы БАҚ басшысы бұл бұйрықты жергілікті шенеуніктерге облыс әкімінің орынбасары Азизулло Мұстафа бергенін хабарлады.

Провинцияның ақпарат және мәдениет департаментінің директоры Куреши Бадлун 12 қарашада ресми тұлғалар мен жергілікті БАҚ жетекшілеріне бұйрық туралы WhatsApp арқылы хабарлаған. Сондай-ақ, Нангархар губернаторының орынбасары провинциядағы барлық шенеуніктерге енді жаңалықтарды тек жазбаша түрде бұқаралық ақпарат құралдарына беруді бұйырды. БАҚ-та тек мемлекеттік ғимараттарды, жарнамалар мен логотиптерді пайдалануға рұқсат етілген. Сонымен қатар, жергілікті шенеуніктермен барлық сұхбаттар бұдан былай тек аудио форматта болуы керектігі айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін Ауғанстанда әйелдердің бір-бірімен сөйлесуіне тыйым салынған еді.