Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 877 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында болған.
ERNUR.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалқ станциялар желісі 21 наурыз күні Алматы уақытымен сағат 13.25 -те жер сілкінісін тіркеді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 877 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 10.3. MPV магнитудасы - 4.8. Тереңдігі - 160 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.