Дәрілер алдымен күзендерге егіліп тексеріледі.
ERNUR.KZ. Австралия ұлттық ғылым агенттігі COVID-19-ға қарсы 2 вакцинаны сынақтан өткізе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Клиникалық тест Мельбурн маңындағы биоқауіпсіздік зертханасында жүргізілуде. Сынақтың алғашқы кезеңі үш айға созылмақ. Дәрілер алдымен күзендерге егіліп тексеріледі. Тек содан кейін ғана еріктілерге қолданылады. Сынақ вакцинаның тиімділігігі мен адамға дұрыс қолдану әдісін анықтауы тиіс.
- Вакцинаны күзендерге егіп тексерудіміздің себебі – бұл жануардың демалу жасушаларындағы рецепторы адамдыкіне ұқсайды. Қазіргі вирус осы рецептормен байланысты. Егер вакцина күзеннің демалу жүйесіндегі вирустың әрекетін тоқтататын болса, оны адамдарға да қолдануға болады, - дейді Ғылыми және өндірістік зерттеу ұйымының денсаулық сақтау саласы бойынша директоры Роб Гренфелл.