Австралиялық вакцинаны Oxford-AstraZeneca және Оксфорд университеті әзірлеп жатыр.
ERNUR.KZ. Австралия билігі коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан cәтті өткізілсе, тұрғындарға тегін беруге ниетті, деп жазады kaz.nur.kz.
Австралиялық вакцинаны Oxford-AstraZeneca және Оксфорд университеті әзірлеп жатыр.
Премьер-министр Скотт Моррисонның айтуынша, егер клиникалық зерттеулер сәтті жалғасса, AstraZeneca компаниясы австралиялықтардың екпені тегін алуын қамтамасыз етеді.
Би-би-си хабарлағандай, вакцинацияны міндетті ету де ғажап емес. Сынақтардың барлық кезеңінен сәтті өтсе, препарат 2021 жылдың басында қолжетімді болады.
Вакцинаны бүкіл халыққа жеткізу құны әлі анықталған жоқ. Сонымен қатар, Австралия АҚШ-тың Becton Dickinson фармацевтикалық компаниясымен 100 миллион ине мен шприц жеткізу туралы 25 миллион долларлық келісімшартқа қол қойған.
Айта кетейік, 25 миллион тұрғыны бар Австралияда коронавирустан 450 өлім жағдайы болған, олардың көпшілігі Виктория штатында тіркелген. Бұл штатта қатаң карантиндік шаралар енгізілген.
Жалпы, Австралияда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 24 мыңға жуық.