Әзербайжан Иранмен шекараға әскерін әкеліп қойды

0
61

OC Media басылымының жазуынша, әсіресе әуе кеңістікті бақылау күшейтілген.


Әзербайжан Иранмен шекараға әскерін әкеліп қойды

Фото: minval.az

ERNUR.KZ. Шекара бойында дрондар мен төмен ұшатын нысандардан қорғану жүйелері де іске қосылған, деп жазады inbusiness.kz.

Осылайша, Әзірбайжан әскері жауынгерлік әзірлік деңгейін күшейтіп, бөлімшелерді Иранмен шекаралас аймақтарға орналастырып отыр.

Әзірбайжан билігі мұны тек қорғаныс сипатында екенін мәлім еткен. Яғни, Баку бұл қадам ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ықтимал қауіп-қатердің алдын алуға бағытталғанын алға тартады.

Еске салайық, Әзірбайжан мен Иран арасында шамамен 700 шақырымға жуық ортақ шекара бар. Соңғы жылдары қос ел арасындағы қарым-қатынас бірде нашарлап, бірде жақсарғанымен, толық сенім қалыптасты деу қиын. Сол себепті, Иран билігі Әзірбайжанның Израильмен әскери-техникалық ынтымақтастығына алаңдаушылық білдіреді. Ал Баку Иран аумағында әрекет ететін кейбір құрылымнан қауіптенеді.

Кавказ аймағын зерттеуші сарапшы Эльхан Шахиноглу бұл әрекетті "алдын алу тактикасы" деп бағалап отыр.

– Әзербайжан тікелей қақтығысқа мүдделі емес. Бірақ аймақтағы кез келген тұрақсыздықтың шекараға әсер ету қаупі бар. Сондықтан, әскери дайындық – сақтық шарасы, – деді ол.

Ал аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талдайтын ресейлік сарапшы Сергей Марков Бакудің қадамын "сигналдық саясат" деп сипаттаған.

– Бұл – Иранға қарсы әскери іс-әрекет емес, керісінше, жағдайды бақылауда ұстап отырғанын көрсету. Қазір әр мемлекет ықтимал сценарийлерге дайын болуға тырысып жатыр, – деді ол.