Құрылғыны әсіресе адам көп шоғырланған, еңбек мигранттары тұратын аудандарда пайдаланып жатыр.
ERNUR.KZ. Коронавирупен қарсы күресте Біріккен Араб Әмірліктері жоғары технологияны қолданып жатыр, деп жазады 24.kz.
Енді «ақылды қалпақ» арқылы ел полицейлері бір уақытта жүздеген адамның температурасын өлшей алады. Құрылғыны әсіресе адам көп шоғырланған, еңбек мигранттары тұратын аудандарда пайдаланып жатыр.
"Дене қызуы бар тұрғындарды бірден тоқтатамыз. Кезекші әріптесім жедел жәрдемге хабарласады. Осылайша, температурасы жоғарылар ауруханаға жеткізіледі" - дейді полиция офицері Әли Әл-Рамси.
НАСА америкалық ғарыш агенттігі 37 күнде вирусты жұқтырған науқастарға арнап өкпені жасанды желдету аппаратын ойлап тапты. Инженердің айтуынша, бұл құрылғы дәстүрлі аппаратқа қарағанда жеңіл. Себебі бөлшектері аз әрі қолдануға қолайлы.