Беларусьта коронавирустың жаңа штамы тіркелді

0
796

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, вирус адамнан адамға бұрынғыдан да тезірек жұғады.


Беларусьта коронавирустың жаңа штамы тіркелді

ERNUR.KZ. Беларусьте коронавирустың жаңа штамы тіркелді. Бұл туралы Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – бас санитарлық дәрігер Александр Тарасенко «Беларусь 1» телеарнасында мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде көбіне дельта-штамм анықталып жатыр, алайда қыркүйектің басынан бері біз вирустың дельта лайт штамын байқай бастадық. Әзірге екеуінің арасында қатты айырмашылықты көрмедік, ондай жағдайлар аз», - деді Александр Тарасенко.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, вирус адамнан адамға бұрынғыдан да тезірек жұғады.

«Бұрын вирус 15 минут және одан көп уақыт ішінде жұғатынын айтқан едік, жаңа штаммды жұқтыру үшін ауырған адамның қасында екі минут қалу да жеткілікті», - деді ол.

Одан бөлек, көбіне аталған дертке көбіне 30-30, 40-49 жас аралығындағы жастар шалдығып жатыр.

«Минскіде, басқа өңірлерге қарағанда, вирус жұқтырып жатқандардың басым бөлігі – 18-29 жастағы азаматтар», - деп қосты Александр Тарасенко.

Аурудың клиникалық көрінісінде айырмашылықтар бар. Атап айтқанда, бұрын аурудың ауыр кезі 7-8-ші күн болса, қазір ол 3-4-ші күнге келеді.

«Делта-штамм бәрібір ауруға өзгерістер енгізіп жатыр», - деп нақтылады Тарасенко.