Зардап шеккен балалардың басым бөлігі 8-9 жаста. Олардың бесеуі – ұл, бесеуі – қыз.
фото: Страница @NewYugoslavia в соцсетях
ERNUR.KZ. Белград қаласындағы сауда орталығында эскалатордан құлап кеткен он бала зардап шекті. Олардың жетеуі ауыр жарақат алған. Бұл туралы N1 телеарнасы жедел жәрдем қызметіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
"Сауда орталығындағы эскалатордан құлау салдарынан жеті бала ауыр, ал үшеуі жеңіл жарақат алды. Бұл ақпаратты бізге жедел жәрдем қызметі растады. Зардап шеккен он баланың барлығы шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді", – деп хабарлады телеарна.
Оқиға "Галерея" сауда орталығының эскалаторында болған.
Зардап шеккен балалардың басым бөлігі 8-9 жаста. Олардың бесеуі – ұл, бесеуі – қыз.


