Бастапқыда сейсмологтар жер сілкінісінің магнитудасын 3,7 деп бағалаған.
Фото: Pixabay
ERNUR.KZ. 17 қарашада Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығысында магнитудасы 3,6 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл – елде жыл басынан бері болған ең күшті жер сілкінісі, деп жазады inform.kz.
Жер сілкінісінің эпицентрі Санчжу қаласының орталығынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 22 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырым тереңдікте тіркелді.
Бастапқыда сейсмологтар жер сілкінісінің магнитудасын 3,7 деп бағалаған. Алайда қосымша талдаудан кейін көрсеткіш 3,6-ға дейін төмендетілді.
Бұл – осы жылдың басынан бері Корей түбегі мен оған іргелес акваторияларда тіркелген 58 жер сілкінісінің ішіндегі ең күштісі.
Өңірде магнитудасы 3,5-тен жоғары алдыңғы жер сілкінісі шамамен бір жарым жыл бұрын, өткен жылғы 5 мамырда болған. Ол кезде Оңтүстік Чхунчхон провинциясындағы Тэан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 52 шақырым жерде теңізде магнитудасы 3,7 болатын жерасты дүмпулері тіркелген.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жарияланған жоқ.


