Бір отбасының 17 мүшесі коронавирус жұқтырып алды

0
657

9 ақпанда үлкен отбасы мүшелері коронавирустан қайтыс болған қарияның жерлеу рәсіміне қатысқан.


Бір отбасының 17 мүшесі коронавирус жұқтырып алды

ERNUR.KZ. Ұлыбританияның Хейлсовен қаласында туысының жерлеу рәсіміне қатысқан 17 адамнан коронавирус анықталған және инфекцияны жұқтырды деген күдікке ілінген, деп жазады Stan.kz.

86 жастағы Шейла Брукс 9 ақпанда коронавирустан қайтыс болды. Оның жерлеу рәсімі екі апта бұрын, оқшаулау шаралары қабылданғанға дейін өткен және оларға үлкен отбасы мүшелерінің көпшілігі қатысқан.

Арадан көп уақыт өтпей,13 наурызда Шейланың жиен-сіңлісі 65 жастағы Сьюзен Нельсон ауырып, коронавирус жұқтырды деген күдікпен көз жұмған.

Енді жерлеу рәсімінде болған тағы 16 адам сол кезде инфекцияны жұқтырып алдық деп күдіктеніп отыр.