Бұрынғы жігіті оқ атқан бойжеткенді өлімнен қалтасындағы телефоны құтқарып қалды

0
3 376


Бұрынғы жігіті оқ атқан бойжеткенді өлімнен қалтасындағы телефоны құтқарып қалды

ERNUR.KZ. Таиландта бойжеткен ұялы телефонының арқасында бұрынғы сүйіктісі атқан оқтан аман қалды, деп жазады Stan.kz.

Чайафхум провинциясында тұратын 24 жастағы Ратда төрт ай бойы 29 жастағы Тонгбон есімді жігітпен кездескен. Жігіті оны үнемі ұрып-соғатындықтан ару онымен қарым-қатынасын үзбек болған.

Ажырасқаннан кейін бір ай өткен соң, бұрынғы жігіті тапаншамен қаруланған сыбайласымен бірге Ратданы атпақ болған. Бойжеткен үйіне келе жатқанда Тонбон екі рет оқ атады. Оның біреуі қыздың ішіне тиген. Алайда бойжеткенге атылған оқтан оны телефон қорғап қалған. Оқ телефонға тиіп Ратда тек белінен жеңіл жарақат алған. Ол мотоциклмен оқиға орнынан тез арада кетіп қалып, көршілерінен көмек сұрайды. Кейінірек бойжеткен шабуыл туралы полицияға хабарлаған.

Құқық қорғау органдары бейнебақылау камерасының бейнежазбаларын қарап шығып, Тонгбонгтың жәбірленушіні атқанын растады. Қазір полицейлер жауапқа тарту үшін ер адам мен оның сыбайласын іздестіріп жатыр.