Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға Қазақстан алғаш рет қатысып отыр. Жалпы, 19 елден 41 кинотуынды бақ сынады.
фото: Официальный сайт Евразийской киноакадемии
ERNUR.KZ. Ашық Еуразия киносыйлығына алғаш рет қатысып отырған Қазақстан екі "Гауһар көбелек" сыйлығын жеңіп алды, деп жазады sputnik.kz.
Марапаттар "Үздік оператор" және "Үздік актер" номинациялары бойынша берілді.
Мүсіндерді "Эвакуация" фильмінің операторы Александр Плотников және "Рестарт" фильмінде басты рөлді сомдаған актер Жасұлан Көпберген табысталды. Сыйлықтардан басқа, оларға әрқайсысының салмағы бес карат болатын 11 гауһар тас табысталды. Олардың құны 250 мың долларға тең."Гауһар көбелектің" қанатының астында біз өткенін құрметтейтін, болашаққа бағдары бар және Құдайдың әрбір халқымызға берген барлық нәрсесін бағалайтын әлемді, өркениетті, халықтарды, діндерді, тарихтарды және мәдениеттерді біріктіруді бастағымыз келеді. Біз әлемге "махаббатсыз ең қатал шындық та өтірік" қағидаты бойынша өмір сүретін кино бар екенін айтқымыз келеді", - деді салтанатты ұйымдастырушы Никита Михалков.
Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға Қазақстан алғаш рет қатысып отыр. Жалпы, 19 елден 41 кинотуынды бақ сынайды.
Қазақстан атынан Фархат Шариповтің "Эвакуация", Думан Еркімбектің "Рестарт", Әділ Мерекенің "Күзгі жел" және Гүлшат Смағұлованың "Шатыр тұрғындары" фильмдері ұсынылды.


