​БҰҰ конференциясында 10 мемлекет Палестинаны мойындамақ

0
224

Бұл туралы Елисей сарайында Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке сапары алдында өткен брифинг барысында мәлім болды.


​БҰҰ конференциясында 10 мемлекет Палестинаны мойындамақ

Фото: report.az

ERNUR.KZ. БҰҰ-ның 22 қыркүйек күні өтетін конференциясында 10 мемлекет өкілі Палестинаның мемлекеттілігін мойындамақшы, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы Елисей сарайында Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке сапары алдында өткен брифинг барысында мәлім болды.

Он мемлекет Палестина Мемлекетін ресми түрде мойындауға дайын. Олардың қатарында Франция, Андорра, Австралия, Бельгия, Ұлыбритания, Канада, Люксембург, Мальта, Португалия және Сан-Марино бар, деп келтіреді Франция президенті Эмманюэль Макронның кеңесшісінің сөзін Agence France-Presse.
Франция басшысының кеңсесінде сонымен қатар Израильдің Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы палестиналық аумақтарды басып алу әрекеттерін айыптап, мұны «қызыл сызық» деп атады.
Макрон осыған дейін республиканың 22 қыркүйекте БҰҰ аясында Палестинаны мойындау мәселесіне арналған конференция өткізетінін хабарлаған болатын. Бұл бастама Газадағы қақтығыстарға немесе Израиль билігінің шешімдеріне қарамастан жүзеге асырылмақ.
Бұған дейін, 24 шілдеде, Франция басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында Палестинаны мойындауға ниетті екенін мәлімдеген. Ал 29 шілдеде Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармердің кеңсесі Лондон Газа секторына гуманитарлық көмекті жеткізуге кедергі жасауды жалғастыратын болса, Палестинаның мемлекеттілігін мойындайтыны туралы мәлімдеме жасаған.
Бүгінде Палестинаны 148 мемлекет мойындаған, 95 елде оның елшіліктері мен тұрақты өкілдіктері жұмыс істейді. КСРО, оның мұрагері Ресей секілді, Палестинаны 1988 жылы-ақ ресми түрде таныған.