БҰҰ: Украинадағы қақтығыс салдарынан 2909 адам қаза тапты

0
758

​Оның 1119-ы – бейбіт тұрғын.


БҰҰ: Украинадағы қақтығыс салдарынан 2909 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Осы күнге дейін Украинағы қақтығыс салдарынан 2909 адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.

БҰҰ-ның мәлімдемесіне сілтеме жасап. Ұйымның хабарлауынша, құрбандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Ресми мәліметке сәйкес, оның 1119-ы – бейбіт тұрғын, 99-ы – балалар. 1790 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Жараланғандардың арасында 126 бала бар.

"Шиеленіс кезінде ажал құшқандардың саны әлдеқайда жоғары, өйткені қақтығыс болып жатқан жерлерден ақпарат алу қиынға соғып отыр. Мысалы, Мариуполь мен Волноваха, Изюма, Попасная және Рубежный, Тростянецте бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны туралы мәліметтер бар. Бірақ бұл сандар жоғарыдағы статистикаға енгізілмеді", – деп жазылған БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының мәлімдемесінде.