Павел екі тарапты өз мақсатына әскери жолмен жету мүмкін еместігіне сендірмейінше елдер арасындағы текетірес жалғаса беретінін айтты.
ERNUR.KZ. АҚШ және Қытай державалары Ресей мен Украинаны бейбіт келіссөзді бастауға итермелеуі керек, деді Чехия президенті Петр Павел Novinky-ге берген сұхбатында, деп жазады sputnik.kz.
"Атап айтқанда, әлемдік державалар, АҚШ қана емес, Қытай да осыған (бейбіт келісімді бастауға – ред.) елеулі үлес қосуға тиіс. Екі елді саяси, экономикалық, дипломатиялық тұрғыдан келіссөз жүргізуге итермелеуі керек", - деді ол.
Павел екі тарапты өз мақсатына әскери жолмен жету мүмкін еместігіне сендірмейінше елдер арасындағы текетірес жалғаса беретінін айтты. Бұл биыл немесе келесі жылы немесе бірнеше жылдан кейін болуы мүмкін. Оның үстіне, жанжал бірнеше жылға созылуы мүмкін, деп қауіптенеді президент.