COVID-ке қарсы ресейлік вакцинаның құны қанша?

0
519

Вакцинаның алғашқы кезеңде өндірілген сериясы айтарлықтай қымбат болуы мүмкін.


COVID-ке қарсы ресейлік вакцинаның құны қанша?

ERNUR.KZ. «Р-Фрам» компаниясының директорлар кеңесінің басшысы Алексей Репик «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның 2 дозасы шетелдіктер үшін кем дегенде, 10 доллар тұратынын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Егер экспорттық нарыққа келетін болсақ, біздің бағалауымыз бойынша вакцинаның 2 дозасы кем дегенде, 10 долларды құрайды. Вакцинаның алғашқы кезеңде өндірілген сериясы айтарлықтай қымбат болуы мүмкін», - деді «Р-Фрам» басшысы.

Алексей Репик вакцинаның өндірісі жеткілікті көлемге жеткенде, бағасы да арзандайтынын айтты.

Еске сала кетейік, 11 тамызда РФ президенті Владимир Путин үкімет мүшелерімен жиында Ресейде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әлемде алғашқы болып тіркелгенін мәлімдеді.

12 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Путинді КВИ-ге қарсы ресейлік вакцинаның алғаш болып тіркелуімен құттықтады. Сондай-ақ тамыз айының екінші жартысында Үкіметтік делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге баратынын айтты.