Дәрігерлер бір күнде қанша қарбыз жеуге болатынын айтты

0
592

​Екі жасқа толмаған балаларға қарбыз бермеген дұрыс, өйткені ол аллергияны қоздыруы мүмкін.


Дәрігерлер бір күнде қанша қарбыз жеуге болатынын айтты

ERNUR.KZ. Балалар үшін қарбыздың тәуліктік нормасы – 80 грамнан 150 грамға дейін, ал ересектер үшін – 500 грамм. Бұл жемісті құрамында көмірсулар бар басқа өнімдермен араластырып жеуге болмайды, деп жазады sputniknews.kz.

"2-3 жасар сәбилер үшін қарбыз порциясы 80-100 граммнан аспауға тиіс. Ал 3-6 жастағы бүлдіршіндерге қарбыз мәйегінің 150 грамын жеуге болады", - деп кеңес берді педиатр Марина Лерман.

Ол қарбызды екі жасқа толмаған балаларға беруге болмайтынын атап өтті. Өйткені жемістің бұл түрі тамақ аллергиясын қоздыруы мүмкін.

Ал дәрігер-терапевт Елена Тихомирова ересектер үшін қарбыздың тәуліктік нормасын атады.

Айтуынша, үлкендерге күніне 500 грамм қарбыз жеуге болады, бірақ құрамында көмірсулар бар басқа өнімдерді бір мезетте тұтынбаған абзал.

Маман қарбызды тек ұйықтар алдында ғана жеуге болмайтынын атап өтті.

"Бір жегенде бір келі қарбыз жеудің қажеті жоқ. Себебі біздің ағзамыз 60 грамм таза көмірсуды бір уақытта сіңіре алмайды. 20-30 грамы сіңіп, қалғаны майға айналуы мүмкін", - деді Тихомирова.

3 тамыз Халықаралық қарбыз күні аталып өтеді.