ДДСҰ Sinopharm вакцинасын шұғыл қолдануды ұсынды

0
890

Қытай препараты әлемнің 45 елінде мақұлданған.


ДДСҰ Sinopharm вакцинасын шұғыл қолдануды ұсынды

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдың Sinopharm компаниясының вакцинасын шұғыл қолдануды ұсынды.Бұл туралы бірлестік басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус брифингте мәлімдеді, деп жазады 24.kz.

Осылайша Қытай екпесі қауіпсіздік, тиімділік және сапа бойынша аталған ұйымның арнайы бағасын алған алтыншы препаратқа айналды. Осының алдында бұл тізімге америкалық «Модерна» компаниясының вакцинасы енгізілген еді. «Глоубал Таймс-тың» хабарлауынша, Қытай препараты әлемнің 45 елінде мақұлданған. Бұл екпенің тиімділігі клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінде 2 дозасы салынғаннан кейін 78 процентті көрсеткен.

Кері әсер ретінде адамның ине салынған тұсы мен басы ауырған және қалжырау байқалған.

Еуропалық одақ дамыған елдерді коронавирусқа қарсы вакциналарын басқа мемлекеттерге экспорттауға шақырды. Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді. Ол екпелерге қатыс зияткерлік меншікке салынған уақытша тыйым вакцина тапшылығын шешпейтінін жеткізді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 800 миллионнан астам екпенің 80 проценттен астамы кірісі жоғары және орташа елдерге тиесілі.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

– Еуроодақ вакцинаға арналған зияткерлік меншік патентін беруді уақытша тоқтату туралы пікірталасқа ашық. Бірақ бұдан дозалар санын көбеймейтінін ескеру қажет. Вакцина тапшылығын шешу үшін біз препаратты тарату және басқа елдерге жеткізу тетігін жасауымыз керек. Бірінші кезекте вакциналарды алмасу мәселесі өткір тұр. Екіншіден, экспорт, үшіншіден өндіріс қуатын арттыру үшін инвестициялар қажет.