2021 жылдың бірінші жартыжылдығында препарат өндіріле бастайды.
ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері коронавирусқа қарсы вакцинаның адамдарға қашан салына бастайтынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
Ұйымның денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай бойынша бағдарламаның директоры Майкл Райанның айтуынша, екпе 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында дайын болмақ.
Райан препараттар жасалыпы жатқанын, сынақтардың сәтті өтіп жатқанын айта келе, вакцинаның қолжетімділігіне қатысты осындай болжам жасап отыр. Ұйым өкілі екпенің кең таралуын қамтамасыз ететінін алға тартты. Оның сөзінше, дәрі тек ауқатты адамдарға не кедейлерге емес, барлығына бірдей қолжетімді болуға тиіс.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейдегі Н. Ф. Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығының мамандары коронавирусқа қарсы вакцина тамыз айында мақұлданғаннан кейін өндіріле бастайтынын мәлім еткен еді. Екпе шамамен 40-50 миллионға жуық ресейлікке салынуға тиіс.