​Дубайда жасанды интеллектімен басқарылатын рельссіз трамвай таныстырылды

0
164


​Дубайда жасанды интеллектімен басқарылатын рельссіз трамвай таныстырылды

Фото: tabnak.ir

ERNUR.KZ. Дубай жолдар және көлік басқармасы әмірлікте өткен жаһандық технологиялық көрмеде жасанды интеллект жүйесімен жабдықталған рельссіз трамвайды таныстырды, деп жазады kaz.inform.kz.
- Жаңа көлік түрі теміржол инфрақұрылымынсыз белгіленген бағыттармен автономды түрде жүре алады, - деп жазады Tabnak басылымы.
Мұндай трамвайды пайдалану жолдағы көлік кептелісін азайтып, қалалық өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Рельссіз трамвай – көрмеде таныстырылған зияткерлік көліктің 11 жобасының бірі. Бұл инновациялар Дубайдың қалалық көлік саласында озық технологияларды дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.