Ер адам түскі ас ішпек болғанда жәндіктің ызыңын естіген.
ERNUR.KZ. Францияда 80 жастағы ер адам электр шыбын қаққышпен қосқанаттыны қуамын деп үйінің бір бөлігін жарып жіберген, - деп жазады tengrinews.kz.
Ер адам түскі ас ішпек болғанда жәндіктің ызыңын естіген. Содан кейін электр шыбын өлтіргішті алып, оны ұстамақ болған. Алайда үйіндегі газ баллоны ағып кетіп, құрылғыдан шыққан ұшқын салдарынан газ жарылған.
Жарылыс ас үй мен шатырдың бір бөлігін қиратты. Ер адам қолы күйіп, Либурн ауруханасына жеткізілді. Басылымда оның ауыр жарақат алмағаны жазылған.