Ер адамдар жер бетінен жойылып кетуі мүмкін - шетелдік ғалым

0
3 304

Y-хромосомасы күн санап азайып бара жатқаны анықталған.


Ер адамдар жер бетінен жойылып кетуі мүмкін - шетелдік ғалым

ERNUR.KZ. Австралиялық ғалым Y-хромосомасы болашақта адам ағзасынан жойылып кетуі мүмкін екенін айтып, дабыл қақты, деп жазады kaz.nur.kz.

Австралияның Мельбурн қаласында орналасқан Ла Троб университетінің генетигі Дженнифер Грейвс Y-хромосомасының уақыт өте келе адам ағзасынан жойылып кетуі ғажап еместігін алға тартты деп жазады Daily Star басылымы.

Оның мұндай тоқтамға келуіне адамзаттың Y-хромосомасы күн санап азайып бара жатқаны себеп болған. Миллиондаған жылдар ішінде ер адамның жынысын анықтайтын Y-хромосома саны азайып жатқан көрінеді. Мәселен, Х хромосома саны 1000 болса, Y хромосомасы небәрі 45-ті құрайды екен.

Дженнифер Грейвстің айтуынша, 166 миллион жыл бұрын адамзаттың ағзасында Y-хромосома саны X хромосомасымен бірдей болып, шамамен 1669-ды құраған.


"Осылайша, бір миллион жылда 10 ген жоғалып отырғанын аңдау қиын емес. Ақыры небәрі 45 Y хромосома қалып отыр. Бұл хромосома 4,5 миллион жылдан соң мүлде жойылып кетуі мүмкін", - дейді ол Live Ғылым басылымына берген сұхбатында.


Ғалым мұндай жағдай жануарлар арасында тіркелгенін алға тартты. Мәселен, Жапонияда кеміргіштердің кей түрлерінің уақыт өте келе Y-хромосомасы жойылған.

Десе де Y-хромосомасының жойылуы ер адамдардың жойылып кететінін білдірмейді дейді ғалымдар. Себебі, аталмыш кеміргіштердің ұрғашысынан бөлек еркектері де баршылық екен.


"Y-хромосомасының жойылуы ер адамның жойылатынын білдірмейді. Аталмыш хромосома жойылса, жынысты анықтау міндетін өзге ген өзіне алуы мүмкін", - дейді Нильсен.