Ердоған Ресей мен Украина келіссөздерін ұйымдастыруға дайын екенін айтты

0
885


Ердоған Ресей мен Украина келіссөздерін ұйымдастыруға дайын екенін айтты

Сурет: Akorda.kz

ERNUR.KZ. Түркия мен Ресей президенттері Режеп Тайып Ердоған мен Владимир Путин жексенбі, 11 мамырда Украинамен арадағы жағдайды реттеу мәселесін талқылады, деп жазады Zakon.kz.


Anadolu агенттігі Түркия президенті әкімшілігінің коммуникациялар басқармасына сілтеме жасай отырып, мемлекет басшылары телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады.

"Түрік президенті Ресейдегі әріптесіне кезінде Ыстамбұлда тоқтатылған Ресей-Украина бейбіт келіссөздерін ары қарай жалғастыруға ниетті мәлімдемесін естіп, қуанып жатқанын жеткізді", – деп хабарлайды агенттік.

2025 жылдың 11 мамырына қараған түні Ресей президенті Владимир Путин Киевке Бітімгершілік туралы тікелей келіссөздерді қайта бастауды және оны Ыстамбұлда өткізуді ұсынды. 11 мамырда түстен кейін Украина басшысы Владимир Зеленский Путиннің келіссөздер туралы ұсынысына қатысты жауап берді. Ол бұл жаңалықты жақсылыққа балап, алдан не күтетінін айтты.