Каристің пікірінше, Украина бойынша келіссөздер Ресейдің әскери жеңілісінен кейін ғана мүмкін болмақ.
ERNUR.KZ. Эстония президенті Алар Карис Ресейді тізе бүктіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Біз Ресейді тізе бүктіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді ол Финляндияның Yle басылымына берген сұхбатында.
Каристің пікірінше, Украина бойынша келіссөздер Ресейдің әскери жеңілісінен кейін ғана мүмкін болмақ. Сонымен қатар ол қазір Киев НАТО-ның әскери контингентіне емес, батыстың қару-жарағына зәру деп мәлімдеді.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды.
Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты.
Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.