Франция өз Конституциясына жүктілікті өз еркімен тоқтатуды енгізген бірінші ел болды.
ERNUR.KZ. Франция парламенті президент Эмманюэль Макронның әйелдердің түсік жасату құқығын Конституцияда бекіту туралы ұсынысын мақұлдады, деп жазады stan.kz.
780 парламентарий ұсынысты қолдаса, 72 парламентарий қарсы шықты.
Ұлттық ассамблея төрағасы Яэль Браун-Пиве дауыс беру нәтижесін жариялаған кезде баршасы ду қол шапалақтап, қуаныштарын білдірді.
Президент Эмманюэль Макрон Конституцияға түзетулерді бекіту рәсімі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер құқықтары күнінде өтетінін атап өтті.
Франция Конституциясына жасанды түсік түсіруді енгізді, алайда бұған дейін де әйелдер түсік жасата алатын. Бірақ оны Конституцияға енгізу қалаусыз жүктілікті тоқтату құқығын толық қамтамасыз етеді.
Франция өз Конституциясына жүктілікті өз еркімен тоқтатуды енгізген бірінші ел болды.