Газ желісіндегі ақаудан шыққан жарылыс салдарынан 1 адам қаза тауып 13-і жарақат алды

0
1 161

Тұрғындарға әзірге ұялы телефон мен электр құралдарын қолданбауға кеңес берілді


Газ желісіндегі ақаудан шыққан жарылыс салдарынан 1 адам қаза тауып 13-і жарақат алды

фото:24.kz

ERNUR.KZ. Американың Массачусетс штатындағы үйлерде бірнеше жарылыс болып, бір адам қаза тапты. 13 адам түрлі жарақат алған, деп жазады 24.kz.

Төтенше жағдайға «Каламбия Газ» компаниясына тиесілі газ желісіндегі ақаулар себеп болған.

Газды жеткізіп берушіге қарасты Лоуренс, Андовер мен Солтүстік Андовер қалаларының тұрғындарына әзірге ұялы телефон мен электр құралдарын қолданбауға кеңес берілді.

Жергілікті жарық компаниясы да сақтық үшін үйлерді электр қуатынан ажыратты.