Израиль әскері солтүстік Газаға оқ жаудырды.
Фото: Sky News
ERNUR.KZ. Кемінде 67 палестиндік жексенбі күні Израиль әскерінің оғынан қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл жолы атыс гуманитарлық көмек тарату орталығының маңында болмаған, дегенмен, адамдар БҰҰ-ның азық-түлік тиелген жүк көліктерін күтіп, солтүстік Газада топтасып тұрған.
150-ден астам адам жарақат алды
Газа ауруханасы өкілдерінің айтуынша, кемінде 67 адам қаза тауып, 150-ден астамы жарақат алған. Бұл қайғылы оқиға Аш-Шифа ауруханасының директорының айтуынша, Аль-Судания ауданында, Зиким бақылау-өткізу пункті арқылы жеткізілген гуманитарлық көмекке байланысты болған.
Израиль тарапы не дейді?
Израиль әскери өкілдері:
«Мыңдаған адамның жиналуы қауіп төндіргендіктен, солдаттар оқ атты», – деп мәлімдеді.
Олар кейбір адам шығыны болғанын растағанымен, Газа тарапынан айтылған құрбандар саны Израиль әскери тергеуіндегі деректерден әлдеқайда жоғары.
Аштық пен эвакуация
Соңғы апталарда гуманитарлық көмек тарату орындарының маңында жүздеген палестиналық қаза тапты. Сонымен қатар, БАҚ өкілдері Газа тұрғындарының аштықтан көз жұмған оқиғаларын да тіркеген.
Израиль билігі бұған дейін босқындар лық толы аудандарда эвакуация жүргізу туралы жаңа бұйрықтар да шығарған болатын.