Күдіктінің әрекетінің себептері туралы дерек жоқ.
ERNUR.KZ. 1984 жылдан 1994 жылға дейін Германияның президенті болған Ричард фон Вайцсакердің ұлы 59 жастағы Фриц фон Вайцсакерге сейсенбі күні Берлин ауруханасында дәріс оқып жатқан кезде пышақ жарақатын алып, кешқұрым көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.
Айта кетейік, қанды оқиға Берлиннің Шарлоттенбург ауданында орналасқан марқұмның жұмыс істеген Schlosspark-Klinik емханасында болған. Белгісіз ер адам Фриц фон Вайцзеккер дәріс оқып жатқан уақытта оған жақындап келіп, пышақ сұққан.
Полицияның мәліметінше, дәріске қатысушылардың біреуі көмектеспек болған кезінде жарақат алды. Көп ұзамай оқиға орнына қауіпсіздік қызметкерлері келіп, тыңдаушылардың көмегімен қылмыскерді ұстады.
Оның әрекетінің себептері туралы дерек жоқ, тергеу амалдары жүргізілуде.