Ғалымдар: COVID-19 вирусының жылдам тарауына ең қолайлы орта – ауыз қуысы

0
909

Осы ретте, ғалымдар COVID-19-дан сақтану үшін медициналық масканың ең тиімді құрал екенін еске салады.


Ғалымдар: COVID-19 вирусының жылдам тарауына ең қолайлы орта – ауыз қуысы

ERNUR.KZ. Америкалық ғалымдар COVID-19 вирусының жылдам тарауына ең қолайлы орта – ауыз қуысы деген болжам жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Зерттеушілердің пікірінше, ауызда пайда болған қауіпті вирус сілекей бездері мен тілде және бадамша бездерінде көбейеді. Әрі қарай, жұтылған сілекей арқылы вирустың тікелей өкпеге ену мүмкіндігі артады. Осылайша, сөйлесу кезінде немесе жөтелгенде вирустың адамнан адамға жұғу қауіпі де жоғарылайды екен. Осы ретте, ғалымдар COVID-19-дан сақтану үшін медициналық масканың ең тиімді құрал екенін еске салады.