Ғалымдар коронавирустың тағы бір қауіпті салдарын анықтады

0
487

Зерттеу нәтижесі бойынша, аурудың алғашқы белгілері - табан мен қол ұйып қалуы, буындардың әлсіреп, ауырсынуы.


Ғалымдар коронавирустың тағы бір қауіпті салдарын анықтады

ERNUR.KZ. Ғалымдар зерттеу жүргізіп, коронавирус Гийена - Барре синдромының қозуына әкеп соғуы мүмкін екенін анықтады, деп жазады Тengrinews.kz.

Мақала авторларының бірі Алекс Рихтнердің сөзінше, коронавирус жұқтырып, аурудан айыққаннан кейін пайда болатын антиденелерде жүрек пен терінің аутоиммундық ауруларын тудыратын белгілері ұқсас.

Зерттеу нәтижесі бойынша, аурудың алғашқы белгілері - табан мен қол ұйып қалуы, буындардың әлсіреп, ауырсынуы. Тәжірибеге қатысушылардан осы белгілер байқалған, олар коронавирусты жеңіл және ауыр өткізгендер.

Гийена - Барре синдромы - бұл парез, сезімталдықтың бұзылуы және вегетатив бұзылудан байқалатын жедел аутоиммунды қабыну полирадикулонейропатиясы.

Бұған дейін медицина ғылымдарының докторы Владимир Зайцев коронавирус инфекциясынан кейін дәм сезудің жоғалуының қандай салдары болуы мүмкін екенін айтқан болатын.