​Ғалымдар тышқандарға арналған VR көзілдірігі арқылы миды зерттеп жүр

0
170

Ғалымдардың сөзінше, тышқандар және VR көзілдіріктерімен эксперименттер жалғасады: олар Альцгеймер ауруына ем іздеуде мидың пайдалы жұмысы туралы жаңа деректерді бере алады.


​Ғалымдар тышқандарға арналған VR көзілдірігі арқылы миды зерттеп жүр

Фото: BILD

ERNUR.KZ. Нью-Йорктегі Корнелль университетінің ғалымдары тышқандардың қозғалысқа реакцияларын зерттеу үшін көзілдірік жасап шығарды, деп жазады inform.kz.

Тышқандар кез келген бағытта қозғалуға мүмкіндік беретін арнайы айналмалы шарға орналастырылып, қозғалу кезінде оларға әртүрлі суреттер мен бейнелер көрсетіледі. Бұл ретте ғалымдар жануарлардың нейрондық белсенділігін жазып, олардың реакциясын бақылайды.

— Тышқандар генетикалық деректер, лабиринттерді шарлау қабілеті және ірімшік үшін жұмыс істеуге дайындығының арқасында ұзақ уақыт бойы мінез-құлық және неврологиялық зерттеулердің танымал моделі болды, — делінген зерттеу тобының мәлімдемесінде.
Ғалымдардың сөзінше, тышқандар және VR көзілдіріктерімен эксперименттер жалғасады: олар Альцгеймер ауруына ем іздеуде мидың пайдалы жұмысы туралы жаңа деректерді бере алады.
Айта кетейік, әлемде 55 млн-нан астам адам деменциядан зардап шегіп жүр. Бұл көбіне емі әлі табылмаған Альцгеймер ауруымен байланысты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ғалымдар -10 градуста асфальт төсеуге мүмкіндік беретін қоспа ойлап тапты.