Қазақстан Ресейге ескерту нотасын жіберді

0
107

Еліміз солтүстік шекарадағы халықаралық автотасымалдарға қатысты жағдайды реттеу жұмыстарына ерекше назар аударып отыр.


Қазақстан Ресейге ескерту нотасын жіберді

Фото: Roman Korotkov/Shutterstock/FOTODOM

ERNUR.KZ. Еске салайық, Ресейде визасыз кіретін шетелдіктердің елде бір жылда 90 күннен артық болуына тыйым салынған еді, деп жазады inbusiness.kz.

Аталған норма қазақстандық жүргізушілер үшін айыппұл мен депортация қаупін туғызғаны анық. Сол себепті, Қазақстан Үкіметі мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы жедел әрекет етіп, Ресей тарапының қатысуымен келіссөздер өткізді.

– Тиісті шешім қабылданғанға дейін тасымалдаушыларға жүргізушілерінің Ресей аумағында болу мерзімдерін алдын ала тексеріп, заңбұзушылықтар мен оның салдарынан сақ болуға кеңес беріледі, – делінген мемлекеттік органның хабарламасында.

Десе де, бұған дейін 31 жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл мен депортация қаулысы шығарылған-ды.

Сауда және интеграция министрлігі екі ел арасында ұсталған немесе жауапкершілікке тартылған жүргізушілер туралы мәлімет алмасу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Нақтылағанда, Ресей тарапы қазір қазақстандық жүргізушілерге қатысты бұл шектеулерді қайта қарау мүмкіндігімен айналысуда. Осыған дейін жүргізілген талдау нәтижесі ресейлік нормалардың кейбірі екіжақты және халықаралық келісімдерге қайшы келетінін көрсеткен еді.