"Жастар практикасы" – оқу орнын бітірген, бірақ жұмыс тәжірибесі жоқ жастарға арналған.
ERNUR.KZ. Бүгінгі таңда жастарды нәтижелі жұмыспен қамту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Осыған сәйкес, елімізде "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны" сияқты жобалар белсенді жүзеге асырылып, жергілікті Мансап орталықтары арқылы үйлестірілуде.
"Жастар практикасы" – оқу орнын бітірген, бірақ жұмыс тәжірибесі жоқ жастарға арналған. Бұл бағдарлама түлектерге мамандығына сәйкес алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді. Жұмыс мерзімі – 6 ай.
"Алғашқы жұмыс орны" – еңбек өтілі жоқ жастарды кемінде 12 ай тұрақты жұмысқа орналастыруды көздейді. Жоба жұмысқа жаңа орналасқан жастарға тәжірибе жинақтап, әрі қарай тұрақты еңбек нарығына бейімделуге көмектеседі.
Мансап орталығы – жұмыс іздеуші жастарға кеңес беру, бос жұмыс орындарын ұсыну, қайта даярлау курстарына бағыттау, кәсіби бағдар беру қызметтерін кешенді түрде көрсетеді. Бұл орталық – жастар мен жұмыс берушілер арасындағы тиімді байланыстырушы алаң.
2025 жылға арналған жоспар аясында Мансап орталығы арқылы аталған жобалар бойынша жастарды қамту деңгейі арттырылып, өңірдегі жұмыссыздық көрсеткішін төмендетуге нақты қадамдар жасалуда.
ансап орталығы – жастардың еңбекке араласуын қамтамасыз ететін, кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды бастама.
Жұмыс іздеп жүрген немесе мамандығы бойынша тәжірибе жинағысы келетін жастар үшін Мансап орталығы – сенімді қолдау нүктесі.
Мансап орталықтарының мекенжайлары:
Абай ауданы – Арғынбеков көшесі, 243/3;
Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы, 106;
Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі, 201;
Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі, 89;
Тұран ауданы – Қазыбек көшесі, 50.