Google мен АҚШ сенаты Zoom қосымшасын қара тізімге енгізді

0
839

Бұл шешімнің себебі - бағдарламаның қауіпсіздік сақтаудағы осалдығы.


Google мен АҚШ сенаты Zoom қосымшасын қара тізімге енгізді

ERNUR.KZ. АҚШ сенаты қызметкерлеріне қауіпсіздік мәселесіне байланысты Zoom-мен видеоконференция өткізуге тыйым салды, деп жазады tengrinews.kz.

Google корпорациясы да өз компьютерлерінде Zoom бағдарламасын бұғаттады. Бұл туралы BuzzFeed порталы жазды, олар өткен аптада Google-дың компьютерлерінде Zoom орнатылған қызметкерлеріне жіберген хаттамасына сілтеме жасаған. Бұл шешімнің себебі - бағдарламаның қауіпсіздік сақтаудағы осалдығы.

"Біз ұзақ уақыт бойы корпоративтік желіден тыс қызметкерлерге бекітілмеген қосымшалармен жұмыс істеуге тыйым салатын саясатты ұстанып келеміз", - деп мәлімдеді Google өкілі Хосе Кастанеда.

Басқа да бірқатар алып корпорациялар бұл қосымшаны пайдаланудан бас тартты. Қызметкерлерге сервисті пайдалануға тыйым салған алғашқы компаниялардың бірі - SpaceX болды. Олар байланыс үшін балама ретінде электрон пошта мен смартфондағы бейнеқоңырауларды қолданады. SpaceX ғарыш компаниясынан кейін ZOOM-ды пайдалануға NASA да тыйым салды.

Мұның алдында қызметкерлер жаппай қашықтан жұмыс істеуге көшкеннен кейін қосымшаны қолдаланушылар саны үш айда 20 есеге өскені мәлім болған. Күн сайын Zoom-ды 200 миллион адам пайдаланады. Компания басшысы Эрик Юань негізгі ресурстарды тұрақты жұмыс үшін жұмсағанымен, Zoom қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ете алмағанын түсіндірді.