Өлімнің нақты себебін анықтау үшін дәрігерлер жедел сот-медициналық сараптамасын талап етті.
ERNUR.KZ. Криттегі Ираклион университетінің ауруханасында 85 жастағы ер адам COVID-19 вакцинациясынан кейін сегіз минут өткен соң қайтыс болды, деп жазады Тengrinews.kz.
Телеарна мәліметінше, егде жастағы адам вакцинациядан кейін қабылдау бөлмесінде отырған және аяқ астынан құлаған. Дәрігерлер бірден көмектескен, бірақ ол жансақтау бөліміне жатқызбай тұрып қайтыс болған.
Оның қайтыс болу себебін анықтағандар "ол вакцинациядан және аллергиялық анафилактикалық шоктың салдарынан көз жұмған жоқ" деген бірінші тұжырым шығарды. Дәрігерлер ғылыми тұрғыдан алғанда кез келген вакцинациядан кейін өлім байқалмайтынын атап, бұл вакцинациямен тұспа-тұс келген кенеттен өлім деп санайды.
Дегенмен өлімнің нақты себебін анықтау үшін дәрігерлер жедел сот-медициналық сараптамасын талап етті.
Айта кетейік, Грекияда вакцинация 27 желтоқсанда басталды. Күн сайын 20 мыңнан аса екпе жасалады.