Алтауы түрлі дене жарақатын алған.
Грузияның шахтасында метан жарылып, 4 жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Алтауы түрлі дене жарақатын алған.
Жарылыстан шахтаның қабырғасы мен төбесі опырылып түсті. Қазір оқыс оқиғаның себебі анықталуда. Тергеу амалдары басталды. Елде қаралы күн басталып, барлық әкімшілік мекемелерде мемлекеттік ту түсірілген.
Опырылған шахтадағы үйінді астынан төрт бірдей жұмысшының денесі табылды. Күйік шалып, жарақаттанған алты адам Ткибули қаласындағы ауруханаға жеткізілген.