Грузияда тұрғындарға түнде көшеге шығуға тыйым салынды

0
841

Соңғы айлары елдегі эпидемиологиялық ахуал күрделі болған.


Грузияда тұрғындарға түнде көшеге шығуға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Елдің ірі қалаларында қоғамдық көлік қатынамай, барлық оқу орындары онлайнға ауысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Базарлар мен дүкендер жабық тұр, тек азық-түлік сататын орындар жұмыс істейді. Соңғы апталарда Грузияда күн сайын 4 мыңдай адам коронавирусты жұқтырып, қырық адам бұл дерттен көз жұмды. Осыған байланысты Үкімет қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Бұл өз нәтижесін беріп, үш жарым айда алғаш рет бұл көрсеткіштер азая бастады.

Соңғы бір тәулікте дертті жұқтырған 2500 адам анықталды. Өткен кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есе кеміді. Күн сайын өткізетін тестердің санын 20 мыңға жеткізуды көздеп отырмыз. Сонда жаңа деректерді тез анықтап, вирустың әрі қарай таралуына жол бермейміз, - дейді Аурулар және қоғамдық денсаулықты бақылау жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Амиран Гамкрелидзе.

Соңғы айлары елдегі эпидемиологиялық ахуал күрделі болған. Ауруханаларда орын мен мамандар жетіспейтіні сезіле бастады. 8 мың дәрігер коронавирусқа шалдыққан болатын. Бүгінде олардың көбі жазылып, қайта жұмысына кірісіп кетті.

Ауруханалардағы орындарға келетін болсақ, бұл бағытта бар күшімізді салдық. Бірде-бір науқас орын мен күтімсіз қалмайды. Дәрігерлер де жетеді. Олардың арасында дерт жұқтыру 6,5%. Бұл тәуір көрсеткіш, кезінде ол 11%-тен асқан еді. Жазда отбасылық және ауылдардағы дәрігерлердің 90%-ін жаңадан мамандандырдық, - деді Грузия Денсаулық сақтау министрі Эка Тикарадзе.