​Гуанчжоуда қазақстандық студент қайтыс болды

0
1 111

1991 жылғы жігіт қайтыс болды. Ол Жамбыл облысының тумасы, Алматы қаласының тұрғыны. Гуанчжоудың құқық қорғау органдарының мәліметінше, жігіт 4 сәуірде қайтыс болған


​Гуанчжоуда қазақстандық студент қайтыс болды

Қытайдағы Гуанчжоу қаласында алматылық студент қайтыс болды. Бұл мәліметті ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"1991 жылғы жігіт қайтыс болды. Ол Жамбыл облысының тумасы, Алматы қаласының тұрғыны. Гуанчжоудың құқық қорғау органдарының мәліметінше, жігіт 4 сәуірде қайтыс болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта денені Қазақстанға жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр.