"Инфекциядан 100% қорғайды": Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаның қалай әсер ететінін айтты

0
635

Қытайдың Sinopharm компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаны сынаудың үшінші кезеңін өткізіп жатыр. Вакцина осы жылдың соңында сатылымға шығады деп жоспарланған.


ERNUR.KZ. Sinopharm Қытай мемлекеттік корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Лю Цзинчжэнь компания жасап шығарған коронавирусқа қарсы вакцинаның қалай әсер ететінін айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.


Sinopharm Біріккен Араб Әмірліктерінде COVID-19-ға қарсы әлсіздендірілген вакцинанының халықаралық сынақтарының үшінші сатысына кірісті. Қытай вакцинасы 2020 жылдың желтоқсан айының соңында нарыққа шығарылады жоспарланып отыр.

"Бір уколдың вирустан қорғау кепілдігі - 97%. Антидене баяу өңделеді, қалыпты жағдайда жарты ай ішінде COVID-19-ға қарсы тұра алатындай иммунитет пайда болады. Егер екі рет екпе салдырса, инфекциядан 100% қорғайды", - дейді Лю Цзинчжэнь.

Бірінші және екінші вакцинация арасы – 28 күн. Ал ерекше жағдайда екі инъекцияны бірден, біреуін оң білекке, екіншісін сол жаққа салдыруға болады.
Вакцинаны жасап шығарғандар оның құны қымбат болмайды деп санайды. Лю Цзинчжэннің айтуынша, екі укол шамамен 1 мың юань тұрады (шамамен 60 мың теңге).
Компанияның болжамы бойынша, Бейжің биопрепараттар зерттеу институты жылына 120 миллион доза вакцина шығара алады. Уханьдағы институт жылына 100 миллион дозаға дейін шығаруға қауқарлы.
Sinopharm басшысы барлық адамға вакцина салдырудың қажеті жоқ деп санайды, ол тек халық тығыз орналасқан қалаларда ғана қажет.
Айта кетейік, жақында Ресей коронавирусқа қарсы вакцина өндірісін бастады. Вакцина "Спутник V" деп аталады, ол сынақтың екі кезеңінен сәтті өтті. Өндірушілер бұған дейін вакцина құны 10 доллар болады деп мәлімдеді.