5 ақпанда Исфахан қаласында «Лиана» музыкалық тобының концерті өтуі керек еді.
Фото: report.az
ERNUR.KZ. Ирандағы концерт әйел музыкантқа байланысты болмай қалды. Бұл туралы Ирандағы адам құқықтары ұйымы хабарлады, деп жазады inform.kz.
Ақпаратқа сәйкес, 5 ақпанда Исфахан қаласында «Лиана» музыкалық тобының концерті өтуі керек еді. Алайда музыканттардың арасында әйелдің болуына байланысты концерт тоқтатылған.
Концерт өткізуге барлық құзырлы органдардан алдын ала рұқсат алынғаны айтылып жатыр.
Музыкалық топтың жетекшісі – Мохсен Шарифиан. Оның қызы Лиана Шарифиан да топ мүшесі. Оның қатысуына байланысты концерт өтпейді.