Иран генералының өлімі туралы хабардан кейін мұнай бағасы шарықтады

0
919

Бағдадтағы АҚШ шабуылынан Иран генералы қаза тапты.


Иран генералының өлімі туралы хабардан кейін мұнай бағасы шарықтады

ERNUR.KZ. Иракта АҚШ шабуылынан Иран генералы Касем Сулейманидің өлімі туралы жаңалықтан кейін әлемде мұнай бағасы қымбаттады, деп жазады 24.kz.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:00-де Brent маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстері 3,42 процентке қымбаттап, баррелі үшін 68,34 долларға жетті.

Ал WTI маркалы мұнайдың ақпанға фьючерстері 3,13 процентке қымбаттап, бір баррелі үшін 63,03 долларға жетті.

Еске салайық, АҚШ әскерлері Бағдадтағы әуежайға зымыран жаудырып жатыр. Бағдадтағы АҚШ шабуылынан Иран генералы қаза тапқан болатын.