Иран Израильге 400-дей зымыран ұшырды

0
210

Израильде зымыранның шабуылы туралы сирена дабылы іске қосылған.


Иран Израильге 400-дей зымыран ұшырды

фото: Reuters

ERNUR.KZ. Иран Израильге зымыранмен соққы жасады, деп жазады inbusiness.kz.

Белгілі болғандай, Израильде зымыранның шабуылы туралы сирена дабылы іске қосылған.

Барлық бейбіт тұрғындар бомбапанаға жасырынды, себебі Израильді Ираннан ұшырылған зымырандар бомбалап жатыр, - деп жазды елдің қорғаныс армиясы Х әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін The New York Times Иран жақын арада Израильге шабуыл жасауды жоспарлап отырғаны туралы жазған еді.

Соққыны үш әскери авиабаза мен Тель-Авивке жақын жердегі барлаушы қызметтің штаб-пәтерінде жасамақ болған.

Америка елшілігі өздерінің қызметкерлеріне жоғары деңгейдегі ескерту жасап, үйлеріне оралып, бомбапанаға эвакуациялауға дайын отыруға бұйрық берген.

Мұндай бұйрық биыл сәуірде Израильға Иран тарапынан әуе шабуылы бірінші рет жасалған кезде жарияланған.