Иранда Қызыл Жарты ай тікұшағы апатқа ұшырады

0
173

Қазір апаттың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.


Иранда Қызыл Жарты ай тікұшағы апатқа ұшырады

Фото: haqqin.az
ERNUR.KZ. Иранның Лурестан провинциясында Қызыл Жарты ай қоғамына тиесілі тікұшақ апатқа ұшырады, деп жазады BAQ.KZ.

Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір экипаж мүшесі ауыр жарақат алды.

Аймақтың төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, қаза тапқандардың екеуі де — тікұшақтың ұшқыштары. Ал бір құтқарушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Ирандық БАҚ-тың мәліметінше, апат Ошторан-Кух ауданында, теңіз деңгейінен шамамен 2 800 метр биіктікте болған. Тікұшақ із-түзсіз жоғалған әйелді іздеу операциясына аттанған. Оның бортында сегіз адам болғаны анықталды.

Қазір апаттың себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.