Иранда жойқын жарылыс болып, 400-ден астам адам зардап шекті

0
420

БАҚ-тың хабарлауынша, жарылыс жанар-жағармай резервауарынан басталған өрттен болуы мүмкін.


Иранда жойқын жарылыс болып, 400-ден астам адам зардап шекті

Сурет: X/GlobeWarReport

ERNUR.KZ. Бүгін, 26 сәуірде Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас портында болған жарылыстан зардап шеккендердің саны 406-ға жетті, деп жазады zakon.kz.

Иранның Fars агенттігінің хабарлауынша, порт қызметкерлері жарылыс болғанда оқиға орнында қанша адам болғанын айта алмаған, бірақ жарақат алушылар көп екеніне сенімді, тіпті арасында қаза тапқандар да болуы мүмкін.

БАҚ-тың хабарлауынша, жарылыс жанар-жағармай резервауарынан басталған өрттен болуы мүмкін. Fars мәліметтері бойынша, жарылыстың күшті болғаны соншалықты, тіпті Бендер-Аббас портынан кемінде 20 шақырым жерде орналасқан Парсы шығанағындағы Кешм аралындағылар да естіген. Жарылыс бірнеше шақырым радиустағы терезелерді де сындырған.

Иран ұлттық мұнай өнімдерін өндіру және тарату компаниясы жарылыстың мұнай инфрақұрылымына қатысы жоқ екенін хабарлады. МӨЗ және құбырлар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін 2025 жылдың 14 сәуірінде Шешенстанда жанар-жағармай цистернасы жарылып, бірнеше адам қаза тапқаны хабарланған болатын.