Италияда аспалыжол арқаны үзіліп кетіп, төрт адам қаза тапты

0
267

Қайғылы оқиға Неаполь провинциясындағы Монте-Файто тауында болды.


Италияда аспалыжол арқаны үзіліп кетіп, төрт адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Италияда аспалыжол арқаны үзіліп кетуі салдарынан төрт адам қаза тауып, біреуі ауыр жарақат алған. Тағы бір адам із-түзсіз жоғалған, деп жазады baq.kz.

Қайғылы оқиға Неаполь провинциясындағы Монте-Файто тауында болды. Қауіпсіздік жүйесі кабиналарды автоматты түрде тоқтатқанымен, ішінде төрт жолаушы мен екі қызметкер болған бір кабина жардан құлап кеткен.

ANSA агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандардың екеуі — Ұлыбритания азаматтары, біреуі — Израиль азаматы.

Басқа бір кабинада қалып қойған 11 адамды құтқарушылар арнайы белбеулер арқылы эвакуациялап, оларды Кастелламаре-ди-Стабия тау базасына қайтарды.

Шамамен 1200 метр биіктікте жүргізіліп жатқан құтқару жұмыстарын ауа райының қолайсыздығы мен тұман қиындатып жатыр. Оқиға орнында өрт сөндірушілер, карабинерлер, полиция және азаматтық қорғаныс қызметі жұмыс істеуде.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, прокуратура құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін оқиға бойынша тергеуді бастайды.