Израильде вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған

0
2 599

Вакцина салдырғандардың бірі вакцинациядан бірнеше минут өткен соң иек пен аузында біртүрлі сезім пайда болғанын айтқан.


Израильде вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған

ERNUR.KZ. Израильде кем дегенде 13 жергілікті тұрғын Pfizer вакцинасының алғашқы дозасын салдырғаннан кейін бет жүйкесі біржақты сал болып қалғанын байқаған, деп жазады Тengrinews.kz.

Дереккөз мәліметінше, вакцина салдырғандардың бірі вакцинациядан бірнеше минут өткен соң иек пен аузында біртүрлі сезім пайда болғанын айтқан.

"Мен онымен кем дегенде 28 сағат жүрдім. Ол мүлдем жоғалып кетті деп айта алмаймын, бірақ менде басқа ауырсыну жоқ", - деп келтіреді ер адамның сөзін жергіліті "Едиот Ахронот" газеті.
Бет жүйкесі невриті немесе Белл сал ауруы - клиникалық зерттеулердің үшінші Pfizer вакцинасын салдырған адамда пайда болатын белгілі кері әсерлердің бірі.
Осындай кері әсерлерге қарамастан, Израиль Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті тұрғындарды препараттың екінші дозасымен вакцинациялауды ұсынып отыр.

17 қаңтардағы мәліметтер бойынша, Израильде пандемия басталғалы 548 332 адам коронавирус жұқтырған. 4005 науқас қайтыс болды. Елде жаппай вакцинация 20 желтоқсанда басталды.