Калининград қаласына Путиннің есімін беру ұсынылды

0
932

​​Ресейлік депутат Сергей Миронов Калининград қаласын мемлекет басшысы Владимир Путиннің құрметіне Владибалтийск деп атауды ұсынды.


Калининград қаласына Путиннің есімін беру ұсынылды

ERNUR.KZ. Мемлекеттік думадағы «Справедливая Россия – За правду» фракциясының жетекшісі мұндай бастаманы өзінің Telegram-каналында көтерді, деп жазады ulysmedia.kz.

"Мен Калининградтың атын өзгертіп, облыстың мәртебесін көтеруді ұсынамын. 76 жыл бұрын, 1946 жылы 4 шілде күні Кенигсберг облысы Калининград болып өзгерген еді. Сол жылы Шығыс Пруссияның астанасын Балтийск қаласына өзгерту ұсынылған болатын. Славгород немесе Королевец деп өзгерту туралы нұсқалар да болған. Бірақ Михаил Калинин қайтыс болып, қаланың аты соның құрметіне аталатын болды. Ал Пиллау деген қалашық Балтийск атанды", - деді Миронов.

Депутат Ресейдің стратегиялық өңірінің бірі саналатын Калининград қаласының мәртебесін көтеру үшін оны Владибалтийск деп өзгерту керек деген пікірде.

"Мысалы, қаланы Владибалтийск деп атасақ қандай керемет! Владибалтийск Балтық жағалауы өңірінің астанасы десек тамаша емес пе?! Меніңше, қаланың атын ауыстырсақ Балтық теңізі мен Тынық мұхитының арасын алып жатқан кең байтақ жеріміз үшін жақсы болар еді. Әрине, оны қала тұрғындары шешуі керек. Менікі ұсыныс", - деді ол.

Алайда коммунистер Мироновтың бұл бастамасына қарсы.

"Бізге ешқандай Владибалтийск керек емес. Бізге кеңестік Калининград қана керек. Егер Миронов бір нәрсені өзгерткісі келсе, өзінің саяжайының атын өзгертсін!", - деді «Ресей коммунистері» партиясының жетекшісі Сергей Малинкович.