Камерунда көшкін салдарынан 42 адам мерт болды

0
702

Камерун билігі апат болған аумаққа құтқарушылар мен әскери құрылымдарды жіберген.


Камерунда көшкін салдарынан 42 адам мерт болды

ERNUR.KZ. Камерунның батысында толассыз жауған жаңбыр мен су тасқынына байланысты көшкін жүріп, салдарынан 42 адам қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Лай ағыны мен қираған ғимараттардың үйінділерінен 42 адамның денесі табылды. Олардың 26-сы балалар», - деп хабарлады CRTV жергілікті телеарнасы.

Батыс өңірдің губернаторы Фонка Ава Августин атап өткендей, су тасқынынан болған сырғыма Бамунгум ауылында орын алған. Оның айтуынша, 20 шақты үй қираған.

Камерун билігі апат болған аумаққа құтқарушылар мен әскери құрылымдарды жіберген, олар тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр. Батыс өңірге Орталықсыздандыру және жергілікті басқару министрі Эланга Обам Жорж барды.